{metadescription}
Талдықорғандық азамат екі жасөспірімді шешіндіріп, телефондарын тартып алған

Талдықорғандық азамат екі жасөспірімді шешіндіріп, телефондарын тартып алған

Талдықорғанда 23 жастағы азамат екі жасөспірімді пышақпен қорқытып, киімсіз және ұялы телефонсыз қалдырған.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Талдықорған полиция басқармасының кезекші бөліміне 46 жастағы әйел шағым түсірді. Ол 16 жастағы ұлы мен оның 15 жастағы досын дүкеннің алдында тонап кеткенін мәлімдеді. 

"Белгісіз азамат оларды пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын, кроссовкілері мен жемпірлерін тартып алған. Қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі үш сағаттың ішінде бұған дейін де ұқсас қылмыстарға барған 23 жастағы Талдықорған азаматын қолға түсірді. Ұрланған заттар табылды", – деп хабарлады полицейлер.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қылмыстық кодекстің 191 бабы, 2-бөлімі (ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.