{metadescription}
Ақтөбе облысында көлік аударылып, зейнеткер мерт болды

Ақтөбе облысында көлік аударылып, зейнеткер мерт болды

Ақтөбе облысында көлік аударылып, 71 жастағы жүргізуші мерт болды.

22 қыркүйек сағат 19:40-та Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының тұрғыны, LADА Granta автокөлігінің 71 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауылы жағынан Сарыжар ауылы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа қарай аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Барлықтарыңызды жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Тағы да жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салғым келеді және барлық азаматтарды белсенді көзқарас танытуға шақырамын», – деді өңірдің бас полицейі Атығай Арыстанов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.