{metadescription}
Алматыда 5 адамды атып өлтірген күдікті туралы жаңа деректер шықты

Алматыда 5 адамды атып өлтірген күдікті туралы жаңа деректер шықты

Алматыда бес адам атып өлтірген Игорь Дужнов алты азаматтық дау мен 27 материал бойынша жауапкер болған.

Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті.

«2014-2021 жылдары Игорь Дужнов алты азаматтық іс бойынша сотта жауапкер болды. Ол ұзақ уақыт бойы қарызын өтемеген. Сондықтан екі адам одан жалпы сомасы 6,5 миллион теңге қарызды өндіріп алу үшін жүгінген. Сонымен қатар, ЖШ С бес миллион теңгені қайтару туралы және банк 118 миллион теңгені қайтару туралы талап арыз берген», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алматы қалалық соты мәліметіне сүйенсек, үш іске қатысты сот шешім шығарды. Сол бойынша Дужновтан 130 миллионға жуық теңге өндірілген. Бірақ ол тағы үш іс бойынша айыпталды. Бұл банктің «мүлікті өндіріп алу туралы» талабы, сонымен қатар азаматтардың «ерлі-зайыптының ортақ қарызы ретінде соманы тану және оның отбасын шығару туралы» екі талабы.

«Сот орындаушылар 27 рет сотқа жүгінді. Олар Дужновтың мүлкіне тыйым салуды және ақшаны мәжбүрлеп қайтару үшін басқа да шараларды қолдануды талап етті. Сот орындаушылары борышкердің ортақ меншіктегі үлесін анықтауды сұрады. Сонымен қатар, олар сот шешімін орындау үшін әдіс пен процедураны өзгертуді сұрады», - деп атап өтті Алматы соты.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.