{metadescription}
Танысының атынан 1 млн теңге несие алған семейлік ұсталды

Танысының атынан 1 млн теңге несие алған семейлік ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға қоңырау шалған азамат өз атына танысының несие рәсімдегенін айтып шағымданды.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің жеке құжаттарын пайдаланған 24 жастағы ер адам банктердің бірінен 1 млн теңге мөлшерінде несие алған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған, жұмыссыз жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған факті бойынша оған ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, полиция қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан алаяқтық фактілерінің алдын алу шараларына қарамастан, жұрт арасында әлі күнге дейін бейтаныс адамдарға сеніп, аңғалдық танытып жатқандар аз емес. Сондықтан әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды ешкімге жібермеу қажет.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.