{metadescription}
Елордада бойжеткен дүкеннен косметика ұрлаған

Елордада бойжеткен дүкеннен косметика ұрлаған

Нұр-Сұлтанда дүкеннен косметика ұстаған бойжеткен видеокамераға түсіп қалған.

Полицияға дүкен иесі шағым түсіріп, косметикасы ұрланғанын хабарлаған.

«Дүкен қызметкерлері косметика жетіспейтінін анықтап, видеокамера таспасын қараған. Видеода «тұтынушының» сатушының назарын басқа жаққа аударып, дүкен сөрелерінен кремдерді, декоративтік косметикаларды, гельдерді алып, пальтосының қалтасына салып алған. Ол дүкеннен 19 мың теңгенің затын алып шыққан. Ұрланған тауарды төмен бағада сатпақшы болған», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында видеокамерадан оның қайда бет алғанын қарап, күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталмаған 19 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бойжеткен ұрлық жасағанын мойындады, полицейлер ұрланған косметиканы тәркілеп, иесіне қайтарды. Оның бұған дейін осы сияқты қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.