{metadescription}
Ішінде 205 жолаушысы бар Boeing Атырауда шұғыл қонды

Ішінде 205 жолаушысы бар Boeing Атырауда шұғыл қонды

Елордадан Ыстанбұлға ұшып шыққан «Boeing-767» ұшағы Атырау халықаралық әуежайына техникалық себепке байланысты қонды.

«23 қыркүйек күні сағат 21-35-те Атырау халықаралық әуежайына «Boeing-767» ұшағы мәжбүрлі түрде қонды. Себебі – жанар-жағармай жүйесіндегі техникалық ақау. Борт Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл бағытында ұшып бара жатқан. Ұшақ Эйр Астана әуе компаниясына тиесілі», - деп атап өтеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ұшақ бортында 205 жолаушы, оның ішінде 5 бала және экипаждың 5 мүшесі болған. 4 жолаушы Атырау қаласында тұратын туыстарының үйіне барса, 2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кеткен. Ал қалған 199 жолаушы «Sulo Hotel» қонақ үйіне орналастырылған.

«Ұшақты техникалық қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 24 қыркүйек күні сағат 14-00-де «Boeing-767» ұшағының Ыстанбұл қаласына ұшып шығуы жоспарланған», - деп атап өтеді ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.