{metadescription}
Қазақстандықтар 7 елге ПТР тест тапсырмай сапарлай алады

Қазақстандықтар 7 елге ПТР тест тапсырмай сапарлай алады

2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд, және Түркияның уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану бой ноталармен алмасу жұмыстарын жүргізді.

"Осылайша коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан мен жоғарыда аталған елдердің азаматтары вакцина паспорты негізінде мемлекеттік шекараны карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспорттарын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті. Аталған елдердге бару үшін Қазақстан азаматтарына шеқаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.

Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде. Тиісті жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда, осы мәселе ҚР СІМ-нің бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.