{metadescription}
Ақтөбеде 243 келі есірткі тәркіленді

Ақтөбеде 243 келі есірткі тәркіленді

Ақтөбеде 1 маусым мен 30 қазан аралығында «Қарасора-2021» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.

Барлығы 243 келі есірткі заты тәркіленді. Есірткі затын өсірумен, дайындаумен, сатумен, сақтаумен, контрабандамен, экспорттаумен айналысатын адамдарды анықтау және ұстау мақсатында «Қарасора-2021» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.

«1 маусым мен 24 қыркүйек аралығында 72 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде тасымалдағандар мен сатқандар, сатып алмақ болған адамдар бар. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 243 келіден астам ескірткі заты тәркіленді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.