{metadescription}
Тоқаев Рустами Эмомалиді қабылдады

Тоқаев Рустами Эмомалиді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті қазіргі сын-қатерлер жағдайында жоғары дәрежеде орнықтылық көрсетіп отырған қазақ-тәжік ынтымақтастығының оң қарқынын атап өтті. Бұған мемлекет басшылары деңгейіндегі белсенді саяси диалог және үкіметтердің үйлесімді жұмыстары септігін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тәжікстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты байланыстарды кешенді түрде нығайтудың басты бағдары болатынын айтты.

Президент мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын іске асыруда екі ел үкіметтерінің белсенді жұмыс істеп жатқанын және қазірдің өзінде нақты нәтижелердің бар екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонға жүрекжарды сәлемін және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның жуырда Душанбеде өткен саммиттерін сапалы ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын жолдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.