{metadescription}
Профессор коронавирустың ең агрессивті нұсқасын атады

Профессор коронавирустың ең агрессивті нұсқасын атады

Кейбір елдерде вакциналаудың кешігуі коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Бұл туралы профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында айтты. Профессордың сөзінше, вирустың штамдары мен варианттарын ажырату қажет. Кейбір техникалық айырмашылықтар бар.

«Біз коронавирустың әр түрлі нұсқалары туралы айтып жатырмыз. 1 маусымнан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оларды грек алфавиті әріптерімен, яғни – «альфа», «бета», гамма, «дельта» деп атап келеді. Жалпы пандемия басталғалы бүкіл әлемде көптеген нұсқалар тіркелді. Шамамен ай сайын екі немесе үш нұсқа пайда болды. Сонымен қатар, тиімді вакциналардың пайда болуымен мутацияның жиілігі жылдамдады. Бұл табиғи эволюциялық процесс», - деді профессор.

Оның айтуынша, вирус тірі қалудың жолын іздеп, белсенді түрде мутациялана бастайды.

«Іс жүзінде, вирустың тек 30 мың нуклеотид негізі бар және оның мутациялық нұсқаларының саны шектеулі. Вирустардың бірнеше нұсқалары бар, олар жұқпалы және вакциналарға төзімді болуы мүмкін, бірақ олар жұқпалылығын жоғалтады. Бұл альфа, бета және гамма нұсқаларымен болды. Біз қазір «дельтаның» өте жұқпалы нұсқасымен күресіп жатырмыз. Бұл коронавирустың соңғы агрессивті нұсқасы деп ойлаймын және болашақта пандемия бәсеңдеуі керек», - деді Алмаз Шарман.

Спикер вирустың оңтүстікафрикалық нұсқасының вакцинаға төзімді екені анықталғанын жеткізді. Алайда ол тез жұқпайтын көрінеді. Ал «дельта» нұсқасы өзінен бұрынғыларды ығыстырып, қауіпті әрі жұқпалы болып шыққан.

Сонымен қатар, ол вирустың штаммдары мен нұсқаларын шатастырмауды сұрады. Ол штамдар вирустың тағы бір сапалық сипаттамасы екенін атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.