{metadescription}
Алматы облысында ер адам шетелдіктің басын жарып өлтірді

Алматы облысында ер адам шетелдіктің басын жарып өлтірді

Алматы облысының тұрғыны шетелдікті күрек сабымен ұрып өлтірді.

Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте орын алды. 42 жастағы Өзбекстан азаматы есін жимастан ауруханада қайтыс болды. Оқиғаның барлық мән-жайын зерттегеннен кейін тәртіп сақшылары Қарғалы ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

«Күдіктінің айтуынша, ол жәбірленушімен таныс болмаған. Ол кездестірген досының жанында болған. Екеуі шамамен бір литр арақ ішкен, содан соң өзара сөзге келген. Даудың арты төбелеске ұласып, ол қарсыласының басынан күрек сабымен үш рет ұрып, оны сұлатып оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.