{metadescription}
«Азия Авто» басшысы өлі табылды

«Азия Авто» басшысы өлі табылды

Шығыс Қазақстан облысында «Азия Авто» басшысы Антон Ненахов өлі күйінде табылды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 23 қыркүйекте Өскемен қаласының Ертіс полиция басқармасы бөлімі Қылмыстық кодекстің 105 бабы (Өз-өзіне қол салуға жеткізу)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. 

«Сот сараптамасы тағайындалды, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада. 

Өзге ақпарат тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жарияланбайды, дейді полициядағылар. 

Бұған дейін салық органы «Азия Авто» АҚ және «БИПЭК Авто Қазақстан» акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жариялаған болатын. Бас прокуратура порталының мәліметіне сәйкес, бизнесмен тергеуден жасырынып жүргендер тізімінде тұр. Forbes ақпараты бойынша ол 2020 жылдың желтоқсан айына дейін 65 миллиард теңге жинақтаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Азия Авто» кәсіпорынымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бұзған болатын. Сот келісімді жарамсыз деп таныды. 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.