{metadescription}
Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қола жүлдегер атанды

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қола жүлдегер атанды

Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшылар сенбі күні 3-орын үшін Иранмен күш сынасты. Қарсыластарынан 38:33 есебімен басым түсіп, қола жүлдегер атанды. Еске салсақ, қазақстандық қыздар А тобында сынға түсті. Алдымен Сингапурден 33:18, Гонконгті 31:29, Өзбекстанды 31:28 есебімен жеңсе, Оңтүстік Кореяға 20:40 есебімен жол берді. Осылайша өзінің тобында екінші орын алды.

Жартылай финалда Жапонияға 24:38 есебімен жол берді. Айта кетсек, құрлықтық дода 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін Оңтүстік Корея 14 мәрте чемпион атанды. Ал Қазақстан құрамасы 2002 және 2010 жылдары екі мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді. Жапония бір мәрте алтыннан алқа тақты. Биыл Азия чемпионы атағына Оңтүстік Корея құрамасы қол жеткізді. Олар финалда Жапониядан 33:24 есебімен басым түсті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.