{metadescription}
Жас жігіт он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішемін деп көз жұмды

Жас жігіт он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішемін деп көз жұмды

Daily Mail басылымы Coca Cola екенін мәлімдеді.

Ол күн ыстық болғандықтан, бір жарым литр сусынды бірден ішкен. Кейін іші қатты ауырып, ісіп кеткен. Бейжіңнің Чаоянь госпиталі дәрігерлерінің айтуынша, 22 жастағы жігіт бір бөтелке сусын ішкеннен кейін алты сағат өткен соң маман көмегіне жүгінген. Дәрігерлер бауырға газбен күресуге көмектесетін дәрі берді. Алайда ер адам 18 сағаттан кейін көз жұмды.

Медициналық есепке сәйкес, сусынды тым тез ішкендіктен, ішекте өте көп мөлшерде газ жиналған. Қысыммен газ қақпалық көктамырға түсіп, бауырға оттегі жетпей қалған. Пациентті сою кезінде бауыр ишемиясы анықталды, деп жазады stan.kz. Алайда Лондон Университет колледжінің профессоры Натан Девис жігіт тек газдалған сусын кесірінен өлді дегенге сенбейді. Ол бактериялық инфекция болуы мүмкін деген болжам жасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.