{metadescription}
Иманбек өзіне ескерткіш орнату туралы қауесетке жауап берді

Иманбек өзіне ескерткіш орнату туралы қауесетке жауап берді

«Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов өзіне ескерткіш орнатуға қатысты қауесетке пікір білдірді.

Диджей әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шығып, өзіне ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды. Айта кетейік, БАҚ-та Иманбекке ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Бір ай бұрын маған Ақсудағы саябақта немесе жағалауда Грэмми, сыйлығының мүсінін орнату туралы ұсыныс жасалды», - деді Иманбек Зейкенов.

Белгілі музыкант оған қарсылық білдірмеген.

«Тілшілер сөзді бұрып жіберген. Енді адамдар мен өзіме ескерткіш орнатуды сұрады деп ойлауда. Мен ондай адам емеспін. Өзіңе ескерткіш орнатуды сұрау — нағыз бетсіздік деп санаймын», - деді музыкант.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.