{metadescription}
Футболдан ұлттық құрамаға шақырту алған спортшылардың тізімі жарияланды

Футболдан ұлттық құрамаға шақырту алған спортшылардың тізімі жарияланды

Талғат Байсуфинов шәкірттері 9 қазанда Босния және Герцеговинамен, 12 қазанда Финляндиямен кездеседі.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Қақпашылар: Стас Покатилов ("Қайрат"), Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхамеджан Сейсен ("Тараз").

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый (екеуі де – "Тобыл"), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ақтөбе"), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – "Қайрат"), Әлібек Қасым ("Қызыл-Жар"), Сағадат Тұрсынбай ("Ордабасы"), Абзал Бейсебеков ("Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Еркін Тапалов ("Ақжайық"), Мақсат Тәйкенов ("Каспий"). 

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат ("Астана"), Георгий Жуков ("Висла", Польша), Владислав Васильев ("Андижан", Өзбекстан), Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (екеуі де – "Тобыл"), Рамазан Оразов ("Ақтөбе"), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы"). 

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Шахтер"), Айбар Жақсылықов ("Жетісу"), Артур Шушеначев ("Қайрат"). 

Қосалқы тізім: Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Бағдат Қайыров ("Тобыл"), Олжас Керімжанов ("Тұран"), Нұрлан Дайыров ("Қызыл-Жар"), Дмитрий Шомко ("Ақтөбе"), Михаил Габышев ("Шахтер"), Бауыржан Байтана ("Тараз"), Айдос Тәттібаев ("Шахтер"), Роман Мұртазаев ("Балтика", Ресей), Абат Айымбетов ("Астана").

Футболшылар 4 қазан күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері қазан айында екі ойын өткізеді. 9 қазанда Босния және Герцеговинамен, 12 қазан күні Финляндиямен күш сынасады. Екі матч та "Астана Арена" стадионында өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.