{metadescription}
Тұрсынбаева анасының сөзі үшін кешірім сұрады

Тұрсынбаева анасының сөзі үшін кешірім сұрады

Қазақстандық спортшы кәсіби жолында көмектесіп, қолдау көрсеткендерге тағы бір мәрте алғысын білдірді.

Мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева анасы Падишахан Сұлтаналиеваның Қазақстанның мәнерлеп сырғанау саласына қатысты сөзіне түсініктеме берді.

"Анамның сөзі үшін кешірім сұраймын. Өкінішке қарай, екеуіміз екі жақтамыз. Анам қазір Мәскеуде, мен Қазақстандамын. Мен бұл жағдайды бақылаған жоқпын. Оны бәрібір жақсы көремін. Артық айтқаны үшін уайымдап жүрген болар", - деп жазды Элизабет Тұрсынбаева Instagram желісінде.

Ол анасы ашық адам екенін айтты. Әркімнің өз ойы болатынын атап өтті. Спортшы Ұлттық Олимпиада комитеті, Қызылорда облысының басшылығы мен мәдениет және спорт министрлігіне әрдайым қолдау көрсеткені үшін алғасын жеткізді.

"Менде бәрі жақсы. Әлемдік аренада Қазақстан атынан мақтанышпен өнер көрсеттім", - деп түйіндеді Тұрсынбаева.

Ол желі қолданушыларынан анасының сөзіне қатысты жағымсыз пікір жазып уақыт жолғатпауды сұрады.

Тұрсынбаеваның анасы не деді

Жуырда спортшының анасы Падишахан Сұлтаналиева ресейлік "Матч ТВ" телеарнасына сұхбат берді. Ол Олимпиадаға Ресей емес, Қазақстан атынан шығу дұрыс шешім болмағанын айтты.

"Біз мәнерлеп сырғанау спорты жоқ ел атынан өнер көрсету қаншалықты қиын екенін түсінбедік. Сен намысын қорғаған елді әлемдік аренада мәнерлеп сырғанау елі ретінде құрматтемесе, нағыз тозақ. Өз төрешісі, техникалық бақылаушысы, мұздан тыс ешбір қолдауы жоқ", - деді Падишахан Сұлтаналиева.

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева үлкен спорттан кетті.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.