{metadescription}
Жамбыл облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

Жамбыл облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

24 қыркүйек Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының 430-шақырымында Chevrolet Cobalt жеңіл автокөлігінің “Погрузчик” техникалық көлігімен соқтығысу дерегі орын алды.

Соқтығысқан жүк тиегіш көлігі жол жиегіне құлаған. Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақатпен Тұрар Рысқұлов ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Автотиегіш жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі бойынша тергеу әрекеттерінің мән-жайлары жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.