{metadescription}
Ақтауда ішінде адамдар бар лифт құлады

Ақтауда ішінде адамдар бар лифт құлады

Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде ішінде адамдары бар лифт шахтаға түсіп кетті.

Оқиға 17 шағын аудандағы «Aktau Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да болған. Ішінде адамдары бар лифт шахтаға құлаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар бір-біріне көмектесіп, шахтадан шыққан.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай орын алғанда лифтіде кішкентай балалар, жас аналар болған. Олар лифтінің істен шығуы бірінші рет емес деп шағымданды. Құрылысты салған компания лифтінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанынан хабардар. Бірақ соған қарамастан ешқандай шара қолданбай отыр.

Сондай-ақ, жаңадан салынған үйге бір жыл бұрын тұрғындар қоныстана бастаған. Бірақ олар әлі күнге дейін пәтердің құжатын ала алмай отыр. Бұдан бөлек, тұрғын үй әлі күнге көгілдір отынға қосылмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.