{metadescription}
Вакциналанған адамдарда «жасыл» статус қанша уақытқа дейін сақталады

Вакциналанған адамдарда «жасыл» статус қанша уақытқа дейін сақталады

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін Ashyq-та «жасыл» статус 21 күн бойы сақталады.

Вакцинаның екі дозасын алған адамдарда «жасыл» статус бір жылға дейін сақталады. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жақында қол қойған жаңа қаулыда айтылған.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған адамдарда Ashyq-та «жасыл» статус 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткен соң, екінші дозаны алмаған жағдайда «жасыл» статус «көкке» ауыстырылады.

«Ал коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де салдырған адамдарда «жасыл» статус бір жыл бойы сақталады», - делінген қаулыда.

Коронавируспен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебе емделіп шыққаннан кейін соңғы үш ай бойы сақталады. «Сары» статусы бар (науқастармен байланыста болған) адамдар вирус жұқтырған адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң «көк» түске ауыстырылады.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.