{metadescription}
Қазақстанда БАҚ туралы заңға өзгерістер 2023 жылы қабылдануы мүмкін

Қазақстанда БАҚ туралы заңға өзгерістер 2023 жылы қабылдануы мүмкін

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізіліп, жаңа медиаға анықтама беріледі.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты.

«Жаңа технологиялардың дамуына байланысты БАҚ-ты заңнамалық дамыту мәселесін пысықтап жатырмыз. Атап айтар болсақ, заңға өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны журналистер қоғамдастығымен талқылаймыз және ол 2023 жылы қабылдануы мүмкін», - деді вице-министр «Astana Media Week – 2021» медиа апталығы аясындағы «Медианы дамыту стратегиясы» атты дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізілетін болады.

«Жаңа медиаға анықтама береміз. Бұл - интернеттегі барлық жаңа платформалар, дамушы ақпараттар. Оған іздеу жүйесін, ОТТ платформасы мен әлеуметтік желілерді жатқызамыз. Қазақстандағы жұмыс ережесін бекітеміз. Медиа-өлшем процедурасы заңнамалық тұрғыда енгізіледі. Біз үшін Қазақстанда медиа-өлшем жаңа технологияларды қолданумен болғаны және халықты 100 пайыз қамтығаны маңызды. Бұл барлық қазақстандықтың қандай медианы ұнататындығы түсінікті болуы үшін қажет», - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.