{metadescription}
Павлодарда 20 жыл іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер ұсталды

Павлодарда 20 жыл іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер ұсталды

Полиция Ресей Федерациясының Пермь қаласында кісі өлтіргені үшін айыпталған 46 жастағы қылмыскерді ұстады.

Кісі өлтіргені үшін 20 жыл бойы жасырынып жүрген ресейлік қылмыскер Павлодарда ұсталды. Павлодар қаласында полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының Пермь қаласында кісі өлтіргені үшін айыпталған 46 жастағы қашқын қылмыскерді ұстады. Анықталғандай, 2001 жылы ер адам қызды өлтіріп, қылмыс жасағаннан кейін Павлодар қаласына келген.

"Ер адам айлакер болып шықты. Белгілі болғандай, ол фамилиясындағы бір әріпті әдейі өзгерткен. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр", – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде