{metadescription}
Қазақстанда Көші-қон жөніндегі комитет құрылады

Қазақстанда Көші-қон жөніндегі комитет құрылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті құрылып жатыр.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

«Тиімді еңбек нарығын құру үшін елдің миграциялық саясатын дамытудың маңыздылығы аз емес. Сондықтан Президент Жолдауында Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті құрылады», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол елдің оңтүстік өңірлерінен солтүстігіне қарай қоныс аударатын тұрғындарға төлем жасаудың тетігі жетілдірілетінін атап өтті. Қоныс аударғандарға үй құрылысына арналған жер телімінен бөлек, ауыл шаруашылығын жүргізуге де жер ұсыну мүмкіндігі жасалады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.