{metadescription}
Ертең бірқатар солтүстік аймақтарда қар жауады: 9 өңірде ескерту жарияланды

Ертең бірқатар солтүстік аймақтарда қар жауады: 9 өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды.

Күндіз 27 қыркүйекте Қостанай облысында және облыс орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. 28 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.

Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 23-28 м/с дейін күшейеді. 28 қыркүйек күндіз Петропавл қаласында жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел жылдамдығы 23-28 м/с шамасында болады.

27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында солүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

28 қыркүйек күндіз Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында және орталығында жел қарқыны 15-20 м/с болады.

28 қыркүйек түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман түседі.

28 қыркүйек түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі .

Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

28 қыркүйекте Ақмола облысының басым бөлігінде және Көкшетау қаласында жауын-шашын жауады, жаңбырдың арты қарға ұласады.

К үндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Облыстың солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 23 м/с жетеді.

28 қыркүйек түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды.

Оңтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады. Облыстың орталығында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

28 қыркүйек түнде Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын жауады (жаңбыр қарға ұласады), күндіз қатты жаңбыр жауады.

Дереккөз. Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.