{metadescription}
Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды

Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды

Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ Краснодар әуежайына аман-есен қонды.

Ресейде Екатеринбургтен Сочиге ұшып шыққан ұшаққа найзағай түсті, борт Краснодарға аман-есен қонды, ал жолаушылар курортқа автобуспен жетті. Әлеуметтік желіде салонда түсірілген видео жарияланды, одан ұшақтың шайқалып жатқанын көруге болады.

"25 қыркүйекте сағат 11:11-де Краснодар әуежайына Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ қонды. Себеп – Сочи аймағындағы ауа райының қолайсыздығы (найзағай). Жолаушылар автобустармен Сочиге жөнелтілді", - делінген "Аэродинамика" Кубань әуежайларының операторы таратқан хабарламада.

Қазір ұшақ әуежайда тұр, оны әуе компаниясының техникалық қызметтері тексеріп жатыр. Сол күні, 25 қыркүйекте Сочиде ауа райына қатысты шұғыл ескерту жарияланған.  

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.