{metadescription}
Ақтөбеде «Toyota Camry» жүргізушісі екі әйелді қағып кетті

Ақтөбеде «Toyota Camry» жүргізушісі екі әйелді қағып кетті

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес 31 жастағы жүргізуші ішімдік ішпеген

Ақтөбеде «Toyota Camry» жүргізушісі екі әйелді қағып кетті. 25 қыркүйекте «Toyota Camry» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі «Қарғалы» тұрғын алабына келе жатып, жол бойында ілеспе бағытта бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген. Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолда аса мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, басып озу маневрлерін қоспағанда, жылдамдық режимін шамадан тыс асырмауға, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шықпауға шақырады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендетіп, жаяу адамдарды өткізіп жіберу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.