{metadescription}
Еліміздің солтүстігін қар басып қалды

Еліміздің солтүстігін қар басып қалды

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына қыркүйекте жауған қар тұрғындарды таңғалдырды.

Жергілікті тұрғындар қардың жауғанын түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуде. Синоптиктер хабарлауынша, еліміздің солтүстігіне бүгін де қар аралас жаңбыр жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым аумағында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылыны құрайды, облыстың солтүстік-шығысында 3 градус аяз болады. Күндіз 3-8 градус жылы.

Петропавлда ала бұлтты болады, күндіз қар мен жаңбыр болжанады. Екпінді жел соғады. Күндіз қалада термометр бағаны 6-8 жылыны көрсетеді. Түнде 2-4 градусқа дейін суиды.

Ақмола облысында 29-30 қыркүйекте түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болатын ескертуде. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус салқын, күндіз 2-7 градус жылы болады.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.