{metadescription}
Алматыда көлік ұрлап, жол апатына ұшыраған жігіт ұсталды

Алматыда көлік ұрлап, жол апатына ұшыраған жігіт ұсталды

Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат бесте болған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Патрульдеу кезінде полицейлер күдік тудырған көлікті тоқтатты. Алайда, жүргізуші оны елемей қаша жөнелді. Полицейлер ізіне түсті. Ол жоғары жылдамдықпен келе жатып рульді басқара алмай, Шығыс айналма автожолында келе жатқан көліктермен соқтығысты. Алған соққыдан көліктің қауіпсіздік жастығы іске қосылды, жүргізуші есінен танып қалды, ал оның аяғы газ педальында қалды. Полицейлер көліктің есігін ашып, көлік ұрлаған жас жігіттің өмірін сақтап қалуға тырысты. Бірнеше әркеттен кейін ғана әйнекті сындырып, оталып тұрған көлікті өшірді», - деп хабарлады полициядан.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін күдікті Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.