{metadescription}
Алматы облысының таулы аймақтарынан тағы да өрт шықты

Алматы облысының таулы аймақтарынан тағы да өрт шықты

Алматы облысының Қора шатқалынан өрт шықты.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 27 қыркүйек күні сағат 15:19-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы Ескелді ауданыдағы Талдықорған орманшылығының Қора шатқалы аумағындағы алтыншы омарта аймағында, таулы аумақта құрғақ шөптер, бұталар, аралас ормандар жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт шыққан жерге бірден Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

27 қыркүйек күні әуеден баплау жүргізілді. Нәтижесінде өрттің ауданы шамамен 20 га екендігі анықталды. 28 қыркүйек күні сағат 09-30-дағы жағдай бойынша шатқалдан әлі түтін шығып жатқан белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы өрт шыққан аймаққа су шашып жатыр. ТЖД күшімен жақын маңдағы аудандық бөлімшелердің қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды. Штаб ұйымдастырылды, үздіксіз байланысты ұйымдастыру үшін командалық – штабтық көлік, ұшқышсыз ұшу аппарат-дроны бар жедел топ аэровизуалды бақылау үшін жіберілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 51 қызметкері және 10 бірлік техникасы мен 4 мотопомпа, Талдықорған орман шаруашылығынан 35 қызметкері және 3 бірлік техника мен 4 мотопомпасы, 5 «Қазавиаорманқорғау» қызметкері, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының 1 борты және 4 экипаж адамы жұмылдырылды.

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен-Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан», - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.