{metadescription}
Ақтөбеде жол жиегіндегі жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті

Ақтөбеде жол жиегіндегі жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті

Ақтөбеде жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті.

Ол оқиға орнында мерт болды. «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі тіркемесімен мал базары маңындағы айналма жолда жылдамдықты бәсеңдетпей, бір адамды сүйреп кетті. Қаланың 39 жастағы тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жаяу жүргіншілердің жол апатынан алған жарақаты көбінесе ауыр зардаптарға әкеледі. Сондықтан жаяу жүргінші ережелерді білуі және қатаң сақтауы керек. Белгіленген орындарда жолды кесіп өту, жарық шағылыстыратын элементтер кию, жол жиегімен тек көлік қозғалысына қарай жүру маңызды. Жүргіншілерге арналған жол нашар болса да түнде жолдың бойымен жүруге болмайды. Бұл өте қауіпті», - деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.