{metadescription}
Павлодарда спорт мектебінің шатыры опырыла құлады

Павлодарда спорт мектебінің шатыры опырыла құлады

Павлодарда «Батыр» спорт мектебінің шатыры опырыла құлады.

Балалар жедел эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған. Өңірлік туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесі, 63/1а мекенжайы бойынша орналасқан «Батыр» БЖСМ бокс залында шатыр құлап түскен.

"Зардап шеккендер жоқ. Залда ешкім болған жоқ. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды", – деді ол.

Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген. Қазір ғимаратты полиция қоршап, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.