{metadescription}
Сейфте 8 млн теңге жатқан: Риддерде әйелдің үйіне ұры түсті

Сейфте 8 млн теңге жатқан: Риддерде әйелдің үйіне ұры түсті

Шығыс Қазақстан облысының бұрын істі болған тұрғындары жер үйге кіріп, қолма-қол ақша, ескі тиын, медаль мен жүзік сақталған сейфті ұрлап әкеткен.

Риддер қаласының полициясы жер үйден қомақты ақша мен басқа да бағалы заттар сақталған сейфті ұрлап әкеткен екі ер адамды ұстады. Ұрлық 35 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде қыркүйектің ортасында жасалған. Полицейлер қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашты.

Екі күдікті таңғы сағат 07.30 бен 09.30 аралығында пластик терезені бұзып, үйге кірген. Үйдің астаң-кестеңін шығарған. Сол сәтте қосалқы үй-жайдағы шағын сейфке көздері түскен. Оны үй ішінде ашуға қорқып, өзімен бірге алып кеткен.

"Сейфте 8 миллион теңге, ер адамдарға арналған алтын сақина, үйдің құжаттары, 1843 жылғы жез тиын, "Еңбегі үшін" медалі болған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 10 миллион теңгені құрады", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстау үшін полицейлерге бірнеше күн қажет болды. Ұсталғандар 30 жаста, екеуі де жергілікті тұрғын. Бұған дейін бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылған. Анықталғандай, ұсталғанға дейін ер адамдар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Қазіргі таңда екі күдікті де тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.