{metadescription}
Қостанайда автокөлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

Қостанайда автокөлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

44 жастағы қостанайлық тізгіндеген автокөлік ағашқа соғылды.

Жүргізуші көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің Facebook-аккаунтында хабарланды.

«28 қыркүйек күні сағат үштер шамасында 102 пультіне Узкоколейная көшесінің бойында 44 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Фольксваген Пассат» маркалы автокөліктің ағашқа соғылып, аударылып кеткені туралы хабар келіп түсті», - делінген полиция хабарламасында.

Оқиға орнына автопатруль барған. Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан жүргізуші көз жұмған, түрлі жарақаттар алған 34 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілген.

«ЖКО сызбасы құрастырылды, қазіргі уақытта ҚР ҚК 345 бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері облыста 221 жол көлік оқиғасы болып, 50 адам қаза тапқан, 263 адам жарақат алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.