{metadescription}
Кәріз люктерін ұрлаған павлодарлық ер адам қолға түсті

Кәріз люктерін ұрлаған павлодарлық ер адам қолға түсті

Жылыту маусымы қарсаңында, ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Павлодар полициясына ЖШС-нің біріне тиесілі екі дана жылу желілері үшін люк қақпағының ұрланғаны туралы қоңырау түсті.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы Павлодар тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталушы түсіндіргендей, кешке Геринг-Хабаровская көшесімен жүріп келе жатып, ол кәріз люктерін көрді және өзіне ақшалай пайда көру мақсатында металды қабылдау пунктіне тапсыру үшін қақпақтарды ұрлау ниеті туындады. Ол ұрлауын ұрлады, бірақ оны тапсыруға үлгермеді, өйткені оны полиция қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер ашық құдықтар үлкен қауіп екенін ескертеді. Онда ересектер мен балалар құлап кетуі мүмкін. Мұның бәрі біреудің бизнес жасауына байланысты: салдары туралы ойламай, қақпақтарды ұрлайды және сатады. Сондай-ақ, қабылдау пункттерінің иелері әдейі ұрланған мүлікті сатып алғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.