{metadescription}
Жел, найзағай, көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Жел, найзағай, көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды.

29 қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с шамасында.

Осы күні Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

29 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Көкшетау қаласында солтүстік - шығыстан соққан желдің қарқыны 15 м/с дейін күшейеді.

Күндіз 29 қыркүйекте Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

29 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды.

Батыстан, солтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел жылдамдығы облыстың орталығында 15-20 м/с шамасында болады.

29 қыркүйек күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

29 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады.

Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.