{metadescription}
Қыз дүкенге көмек сұрап келді: Алматыда ер адам 11жасар қызды қорламақ болған

Қыз дүкенге көмек сұрап келді: Алматыда ер адам 11жасар қызды қорламақ болған

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы дүкендердің біріндегі бейнебақылау камераларынан жазба жарияланды.

Ол жерде ер адам 11 жасар қызды қорлағаны айтылған. Видео Qumash Telegram каналында пайда болды. Авторлардың айтуынша, 11 жасар қыз бейтаныс адам көшеде оны қорлады деп, дүкеннен көмек сұрап жүгірген.

Видеода ер адамның қызды иығынан алып, басынан сипап, содан кейін сатушымен ұрысқаны көрсетілген. Жазбада сатушының ер адамды қуып жібергені айтылған. Сонымен қатар қыздың ата -анасы полицияға арыз жазғаны да хабарланды. Бірақ ер адам ұсталмаған.

Алматы полициясының баспасөз қызметі бұл факті Наурызбай ауданының полиция департаментінде тіркелгенін айтты. 1965 жылы туған ер адамның жеке басы анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша оның әрекетіне заңнамаға сәйкес шаралар қабылдай отырып, құқықтық баға берілетін болады.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.