{metadescription}
Будақтаған түтін мен балалардың айғайы: желіде тараған видео жұртты шошытты

Будақтаған түтін мен балалардың айғайы: желіде тараған видео жұртты шошытты

Енді балалардың денсаулығы үшін кім жауап береді, деп жазылған видео астында.

Ақтөбе облысының мектептерінің бірінде түсірілген видео жұртты алаңдатты. Видеодағы кадрда мектептің жоғарғы қабаттағы терезесінен түтін бе, бу ма шығып жатқаны көрінеді. Сондай-ақ балалардың шыңғырған дауысы естіледі. Бұл кадр Ақтөбе облысының инстаграм пабликтерінің бірінде пайда болды.

"№9 мектепте сабақ үстінде тышқандар мен тарақандарды улауға кірісті. Улы бу барлық қабатқа тарады. Балалар шошып, айғайлай бастады. Түтін тамақты қырып, көзден жас ағызды. Сабақ үстінде улау жұмыстарын жүргізуге бола ма? Енді балалардың денсаулығы үшін кім жауап береді?", - деп жазылған видео астында.

"Мой город" басылымына облыстың санитарлық бақылау департаменті №9 мектепте тышқандарды улау туралы бұйрық берілмегенін хабарлады. Дезинфекция мектептің жертөлесінде жүргізілген. Мұндай шараны бөлмеде заласыздандыруды жасаушы мамандардан өзге бөтен адамдар болмағанда өткізеді. Балалар арасында улану фактілері тіркелмеген.

"Мектепте жұмыстарды келісімшартқа отырған мекеме жүргізді. №9 мектеп директорына дезинфекцияны сабақ өтіп жатқан уақытта жүргізуге рұқсат бергені үшін сөгіс жарияланды", - деді қалалық білім беру басқармасындағылар.

Залалсыздандыруды "Дезинфекция қызметі" медициналық мекемесі жүргізгені белгілі болды. Мектептегілер дезинфекция "К-Отрин 50" ыстық буымен жасалғанын айтты. Ол тарақан, шыбын мен масаны жоюға арналаған улы зат.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.