Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды мектебінде ер адам мұғалімді ұрған
Белгісіз ер адам Қарағандыдағы мектеп-интернатқа кіріп, сабақ үстінде балалардың көзінше мұғалімді ұрып-соққан.
15:48 16.10.2021
Бұл оқиғаға Қарағанды облысының ПД түсінік берді. Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде анонимді хабарлама жарияланды. Жазбада құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта оқитын бір оқушының ата-анасы оқу ордасына белгісіз бір ер адам кіріп, балалардың көзінше мұғалімді ұрып-соқғаны туралы жазылған.
Бұл жайтқа полиция түсінік берді.
«Полиция 14 қазанда №3 мектеп-интернатта осыған ұқсас оқиға болғанын анықтады. 25 жастағы ер адам осы оқу орнында мұғалім болып жұмыс істейтін әйелімен жанжалдасқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптылар арасындағы әңгіме балалар болмаған кезде болды. Сондай-ақ, жанжал шығарған ер адамның радикалды діни ұйымға қатысы жоқ екені анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөлімінде тіркелген, деп жазады ҚазАқпарат. Сондай-ақ аталмыш жайтты Қарағанды облысының білім басқармасы да тексеріп жатыр. Мән-жайды анықтаған соң, шешім қабылданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram