{metadescription}
Телефондағы геолокация адамды аңду үшін қолданыла ма

Телефондағы геолокация адамды аңду үшін қолданыла ма

Орналасқан жерді анықтайтын функция көптеген смартфонда қосылып тұрады.

Ол GPS - спутниктің навигация жүйесімен қамтылады. Телефондағы геолокация функциясы интернет трафик, батарея қуаты мен адамның тұрған жерін анықтауға қалай әсер етеді? Мұны Sputnik радиосына берген сұхбатында Content-Review жобасының жетекшісі Сергей Половников түсіндіріп берді.

Орналасқан жерді анықтайтын функция көптеген смартфонда қосылып тұрады. Ол GPS - спутниктің навигация жүйесімен қамтылады. Кейбір мамандар қажет болмаған жағдайда геолокацияны сөндіріп отыруға кеңес береді. Мұның арқасында телефон қуатын үнемдеуге болады. Сондай-ақ, кейбір қосымшалардың сіздің орналасқан жерді анықтап, жарнама ұсынуына жол бермейді, деп жазады sputnik

Алайда Половников бұл функцияны өшірмеген жөн деп отыр. 

"Көптеген қосымшалар дұрыс жұмыс істеуі үшін геолокация модулі маңызды. Өйткені қосымшалар орналасқан жерімізге байланысты қажетті ақпарат ұсынады. Егер кімде-кім сізді аңдымақ болса, GPS функциясы сөніп тұрса да, өз жоспарын іске асыра алады. Себебі адамның қандай мекенжайда екенін базалық станция сигналдары арқылы анықтауға болады", – деді маман Sputnik радиосына.

Оның айтуынша, геолокация функциясы телефон қуатына әсер етеді. Алайда айтарлықтай әсері жоқ.

"Әрине, GPS телефон қуатына әсер етеді. Бірақ сіз үйде жарықты сөндіріп, электр энергиясын үнемдеп отырмайсыз ғой", – деді Сергей Половников.

Кейбір адамдар GPS қосылып тұрса, интернет трафик жұмсалады деп есептейді.

"Жоқ, бұл шындыққа жанаспайды. Сіз, тіпті, сим-картаны алып тастасаңыз да, GPSжұмыс істей береді. Карталар офлайн-режимде жүктелсе, желіге қосылмай-ақ навигатор қолдана беруге болады", – деп түсіндірді Content-Review жобасының жетекшісі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.