{metadescription}
Дәрігер денсаулықты сақтап әрі ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады

Дәрігер денсаулықты сақтап әрі ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық терапия және профилактикалық медицина ғылыми орталығының директоры Оксана Драпкина денсаулықты сақтап сонымен қатар ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады.

Оксана Драпкинаның айтуынша, бұл қатарға жататын берік шарттарға мыналар жатады: шылым шегуден аулақ болу, тамақты көп тұздамау, алкогольді ішімдіктен бойды алыс салу, көп жаяу жүріп және жеміс пен жидектерді барынша көп жеу.

"Салауатты өмір салтын ұстану индексі шығарылды. Осы көрсеткішті ұстанатын адамдар арасында өлім деңгейі 36% төмен. Көптеген факторлардың ішінде бесеуі ерекшеленеді. Біріншісі – темекі тартпау, екіншісі – жаяу жүру, үшіншісі – тағамды көп тұздамау, төртіншісі – жеміс пен жидектерді көбірек жеу. Және бесіншісі – әрине алкогольден аулақ болу", - деді Драпкина үшінші Еуразиялық әйелдер форумында.

Ол сонымен қатар ресейлік әйелдер көп кондитерлік өнімдер мен балық, көкөністер мен жемістерді жейтінін атап өткен, деп жазады stan.kz. Дәрігер әйелдер өлімінің жалпы себептерін де атап өтті.

"Егер біз әйелдердің денсаулығы туралы айтатын болсақ, онда бұл өлім себептері деген сөз. Яғни, әйелдер көбінесе жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұмады. Ал жалпы онкологиялық пулдағы аурулар статистикалық есептер бойынша екіншісі немесе үшініш орынды алады", - деп түйіндеді Драпкина.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

26 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде