{metadescription}
Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды

Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды

5 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" Жерге оралды.

Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж мүшелері Қазақстан жеріне сәтті қонды. 5 қазанда Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" Жерге оралды. Космонавт Олег Новицкий, киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко 7.14-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) халықаралық ғарыш станциясынан Жерге аттанды.

Ғарыш кемесі Жазқазған қаласынан 148 шақырым жерге 10.35-те қонды. Оларды  "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин қарсы алды. Ғарыш кемесінің Жерге оралу сәтін Бірінші арна мен RT трансляциялады. 

Тұңғыш киноэкипаждың сапары

5 қазанда Байқоңыр айлағының "Восток" старттық алаңынан "Союз МС-18" зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады. "Вызов" ғылыми-танымдық жобасының мүшелері режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд "Союз МС-18" орбитасына жеткізіледі. 

"Союз МС-18" кемесінің капитаны ғарышкер - Антон Шкаплеров. Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған. "Вызов" — бұл ғылыми-танымдық жоба. Бірақ сюжет әлі де құпия сақталып отыр.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.