{metadescription}
Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті

Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні сағат 19.10-да Өте Мусин көшесі №3-мекенжайында болды.

Барак типтес алты пәтерлік ағаш тұрғын үй отқа оранды. Өрттің аумағы 250 шаршы метрді құрады. «Тілсіз жау» ТЖ департаментінің күшімен (26 қызметкер, 11 техника) сағат 21.30-да оқшауланып, 22.46-да сөндірілді.

Сондай-ақ бұдан бір күн бұрын, 16 қазан күні сағат 20.30-да Бәйтерек ауданы Асан ауылы Мирный көшесі 24-мекенжайда екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан гараж бен монша, асүй мен жуыну бөлмесі жанды. Жалпы ауданы – 140 шаршы метр.

Өрт сағат 21.28-де оқшауланып, 21.48-де сөндірілді. Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттердің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.