{metadescription}
Қостанайлық миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста ұмытып кеткен

Қостанайлық миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста ұмытып кеткен

Қостанайдың патрульдік полиция қызметкерлері ауыл тұрғынының қомақты қаржы салынған сөмкесін тауып, қайтарып берді.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай ауданының Алтын дала ауылының тұрғыны облыс орталығында автобуста ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін қалдырып кеткен. Бағдат Ахметов пен Медет Қойшығұлов 16 қазан күні сол ауданда қызметте болған. Қайырбеков-Қорған қиылысында "КАМАЗ" автокөлігінің жүргізушісі Кенжебек Кәдиев олардан көмек сұраған.

Ер адам әйелінің хабарласып, ішінде ақша бар сөмкені автобуста қалдырып кеткенін айтып берген. Сөмкені қалдырып кеткенін әйел тек үйіне қайтар жолда ғана байқаған.

“Ол полицейлерге маршрут нөмірін айтты. Бірнеше минуттың ішінде полицейлер автобус жүргізушісін анықтап, соңғы аялдамаға дейін жеткен. Жүргізуші сөмкені ер адамға тапсырды", - деп түсіндірді ведомстводан.

Кенжебек Кәдиев тәртіп сақшыларына жылдам көрсетілген көмек үшін алғыс айтты.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.