{metadescription}
Оралда он жасар бала ағаштан құлап, ауруханаға түсті

Оралда он жасар бала ағаштан құлап, ауруханаға түсті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні шамамен сағат 19.00-де Қ.Аманжолов көшесінде болды.

Он жасар бала шамамен биіктігі 4 метр ағаштан құлаған. Содан кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. БҚО полиция департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, бала бас пен мидың жарақатын алған. Қазіргі кезде ол амбулаторлық ем алуға жолданды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.