{metadescription}
Қою түтін Алматы тұрғындарын алаңдатты

Қою түтін Алматы тұрғындарын алаңдатты

Алматыда тұрғын үй ауласындағы шаруашылық құрылыстары өртенді.

Өрт орнынан 25 литрлік екі газ баллоны мен 5 литрлік екі газ баллоны шығарылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 18 қазан күні сағат 14:47 кезінде Алмалы ауданындағы Қожамқұлов көшесі, 259 мекенжайындағы өртті сөндіруге шықты. Оқиға орнына жеткенде жалпы ауданы 40 шаршы метр шаруашылық құрылыстың жанып жатқаны анықталды.

Өрттің жеке тұрғын үйгелерге таралуы қауіпі туындады. 25 литрлік газ баллондардың бірінен газ шыққан соң оны өрт сөндірушілер қауіпсіз қашықтыққа шығарып үлгерді. Жамбыл көшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері көшені қоршауға алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 8 минутта, сағат 15:10-да өшірілді. 15:27-де толығымен жойылды.

Өрт сөндіру жұмысына 10 техника, жеке құрамнан 35 адам жұмылдырылды. Соңғы дерек бойынша қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпыған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.