{metadescription}
Ет бағасы қымбаттауы мүмкін – министр

Ет бағасы қымбаттауы мүмкін – министр

Биыл сегіз ай ішінде еттің орташа бағасы 7,4 процентке көтерілген.

Соның салдарынан ет сатып алу көлемі азайды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еттің бағасы біршама қымбаттайтынын айтты.

"Бағаға келетін болсақ, ет бағасы қымбаттауы ықтимал деп отырмыз. Біз өсім шамалы ғана болады деп үміттенеміз. Бұл басқа нәрселермен қатар шөп пен жемшөп бағасының өсуіне байланысты. Ет тапшылығы болмайды", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Министрдің айтуынша, отандық кәсіпкерлер етпен ішкі нарықты қамтамасыз етуге қауқары бар. Мәселен, сиыр етімен – 97 процентке, қой етімен – 100 процентке, ал жылқы етінінің сұранысы 97,5 процентке жауып отыр.

"Сондықтан ішкі нарықта етке деген сұранысты толықтай өзімізде өндірілетін өніммен жабылып отыр. Ал сырттан келетін ет көп емес. Өзіміздің шаруалар шығарып жатқан ет жеткілікті", - деп атап көрсетті Қарашөкеев.

Айта кетері, биыл сегіз айдың ішінде еттің орташа бағасы 7,4 процентке көтерілген. Соның салдарынан ет сатып алу көлемі азайды. Бір жылдың ішінде қойдың еті қатты қымбаттап кеткен. Оның бағасы бірден 14,9 процентке көтерілді. Одан кейін жылқы еті – 9,4 процентке, сиыр еті - 7,8 процентке, шошқа еті - 7,4 процентке, ал құс еті 3,2 процентке қымбаттады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.