{metadescription}
Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы келіншек ұсталды

Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы келіншек ұсталды

Алматы облысында жеңгетайлық жасады деген күдікпен Қапшағай қаласының тұрғыны ұсталды.

Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасында ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі «пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасау» бойынша қылмыстық іс тіркелді. 2021 жылы 13 қазанда жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қапшағай қаласындағы қонақ үйлердің бірінен полицейлер әкімші болып жұмыс істейтін 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл азаматша өзінің негізгі міндеттерінен бөлек ақшалай сыйақы үшін «жеңгетайлық» қызметтерін де атқарған, клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жеңіл мінез-құлықты қыздарды ұсынған.

«Күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді»,- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде