{metadescription}
Атырау тұрғыны қайын апасының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан

Атырау тұрғыны қайын апасының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан

35 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, жуынатын бөлмеге жасырын камераны не үшін орнатқанын түсіндірді.

Атырау қаласында ер адам өз әйелін аңдымақ болып туысының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан. Бірақ үйдің иесі камераны байқап қалған. 17 қазан күні жергілікті полиция бөлімшесіне Атырау қаласының 36 жастағы тұрғыны арызданды. Әйел өз үйінің жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатылғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні анықтады. Ол арыз түсірген әйелдің күйеу баласы болып шықты. 35 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, жасырын камераны не үшін орнатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, келіншегі әпкесінің үйіне жиі барады. Содан күдіктеніп қалған.

Әйелін қызғанған еркек үйге жасырын камера орнатуға шешім қабылдапты. Сөйтіп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, қайын апасының ваннасына орнатқан. Ал камераны қалтаға салып жүретін зарядтау құрылғысына қоса салған.  

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 3-тармағы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Оған сәйкес кінәлі адам бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз:  sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.