{metadescription}
Алматыдағы жанармай бекетіндегі жаппай төбелестің видеосы тарады

Алматыдағы жанармай бекетіндегі жаппай төбелестің видеосы тарады

Алматыдағы жанармай бекеттерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Видео авторының айтуынша, оқиға Алматыдағы Сейфуллин даңғылындағы жанармай құю бекетінде болған. Төбелес жігіттер арасында болған, кадрдан олардың қарусыз екендері көрінеді. Дауға оларды ажыратуға тырысқан қыз да қатысқан. Содан соң қыз бен бірнеше жігіт көлікпен кетіп қалады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі Жетісу аудандық полиция бөлімі бұл деректі ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркегенін айтты.

"Жанжалға қатысушылар анықталды және жауапкершілікке тартылады ", - деді ПД.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.