{metadescription}
Өз баласына үш миллион теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды

Өз баласына үш миллион теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында өз баласына үш миллион теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында 11-18 қазан аралығында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу, сондай-ақ алимент төлемегені үшін жасырынып жүрген адамдарды және борышкерлерді іздестіруге бағытталған “Нелегал-Кордон” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 14 қазанында Семей қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері үш жыл бойы іздеуде жүрген алимент төлемеген адамның тұрғылықты жерін анықтады.

"33 жастағы борышкер Нұр-Сұлтанда табылды, осы уақыт ішінде анықталғандай, ол елордадағы заң өкілдерінен жасырынып жүрген. Ол бес жылдан астам уақыт кәмелетке толмаған баласын асырауға ақша төлемеген, осы жылдар ішінде оған үш миллион теңгеден астам қарыз жиналған. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Өкінішке орай, бұл жалғыз жағдай емес, жыл басынан бері облыста полиция қызметкерлері осындай 300-ден астам алимент төлеуден жалтарған азаматты анықтады. Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау) әкімшілік бабы және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік (балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарды, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделгенін ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.